Калининград облысында жағажайда жүргендер толқын шығарған янтарьға кенелді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Калининград облысында жағажайда жүргендер толқын шығарған янтарьға кенелді

Калининград облысында жағажайда жүргендер толқын шығарған янтарьға кенелді

Пионерский қаласының жағажайы (Калининград облысы) сәрсенбі күндіз кәріптасқа (янтарь) толды.  

  • 8 Қаңтар 2015
  • 418
Фото - Caravan.kz

 "Интерфаксқа" Пионерский тұрғыны Ольга Баженова бұған таңертең соққан күшті дауыл себеп болғанын айтты.

 «Таңертеңнен кешке дейін қала тұрғындары мен қонақтары балдырлар мен құм арасынан ұсақ және орташа кәріптастарды терумен болды. Тіпті қарттар да қалыспады», — деді Баженова.

Оның айтуынша, Пионерский жағажайына Балтық теңізі кәріптас құмын жиі шашады. Алайда мұндай көп бола бермейді.


Калининград облысының жағалауында Янтарный кентінің аумағында 95 пайыз әлемдік кәріптас қоры шоғырланған, оның жасы 50 млн жылды құрайды.