Charlie Hebdo басылымына шабуыл: Екі күдіктіге іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Charlie Hebdo басылымына шабуыл: Екі күдіктіге іздеу жарияланды

Charlie Hebdo басылымына шабуыл: Екі күдіктіге іздеу жарияланды

Франция полициясы   Charlie Hebdo журналының редакциясына шабуыл жасады деген күдікпен екі адамның суретін жариялады,

  • 8 Қаңтар 2015
  • 321
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Би би си. Ағайынды Куаши — 34 жастағы Саид пен 32 жастағы Шериф іздестіріліп жатыр.

БАҚ хабарламасы бойынша, журнал редакциясына шабуыл жасады деген үшінші күдікті Амид Мурад қылмысқа қатыстылығын мойындап, полицияға өз еркімен берілген.

Ал оның достары әлеуметтік желілерге Амид Мурад  сәрсенбіде, журнал редакциясына шабуыл жасалған кезде мектепте болғанын жазуда.  Оны тұтқындау ресми расталған жоқ.

Шериф Куаши  2008 жылы Ирактағы террорлық әрекеті — көтерілісшілерге көмек бергені үшін айыпталып, жауапкершілікке тартылған. Ол бір жарым жылын түрмеде өткізді. 


Сәрсенбіде Charlie Hebdo журналының редакциясына шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты.