Қазақстан Париждегі лаңкестікті айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Париждегі лаңкестікті айыптады

Қазақстан Париждегі лаңкестікті айыптады

 Қазақстан 7 қаңтар күні Франция астанасы Париж қаласында орын алған шабуылды айыптайды.

  • 8 Қаңтар 2015
  • 771
Фото - Caravan.kz

Қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен. 

«Экстремизмнің барлық түрімен күресте біз Францияны қолдаймыз және осындай зұлым қатерге төтеп беру ісінде халықаралық серіктестектермен бірігіп жұмысты жалғастырамыз», делінген хабарламада.

Сәрсенбі күні таңертең Charlie Hebdo сатира журналының редакциясы орналасқан ғимаратқа баса көктеп кірген лаңкестер қызметкерлерге оқ жаудырып, артынша көлікпен іздерін суытқан болатын. Салдарынан 12 адам мерт болып, бірнеше адам ауыр жарақатанды.

Лаңкестікке қарсы күрес — барша әлем қауымдастығының міндеті. Өзінің Twitter-дегі парақшасында Қазақстан Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев 12 адамның өмірін жалмаған лаңкестік актіні айыптады.


«Париждегі терракт, журналистер қаза тапты. Зұлым іске ешқашан ақтау жоқ. Лаңкестікке қарсы күрес — барша әлем қауымдастығының міндеті», — делінген Қ.Тоқаевтың Twitter-дегі парақшасында.