Қытай Латын Америкасына 250 млрд $ инвестиция салуға уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Латын Америкасына 250 млрд $ инвестиция салуға уәде берді

Қытай Латын Америкасына 250 млрд $ инвестиция салуға уәде берді

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Латын Америкасы елдеріне 2020 жылға дейін 250 млрд $ инвестиция салуға уәде берді

  • 8 Қаңтар 2015
  • 374
Фото - Caravan.kz


және келесі он жылдық ішінде оны 500 млрд доллардан астам мөлшерге жеткізу үшін осы аймақпен сауда-саттықты еселеу мүмкіндігін мәлімдеді.
Қытай басшысы мұндай мәлімдемені Пекинде алғаш бас қосқан Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдері қауымдастығы басшыларының кездесуінде жасады.
Венесуэла президенті Николас Мадуро өз елі қытай тарапынан жаңа 20 млрд $  инвестиция алатынын мәлімдеді, бірақ ол қаржы қай салаға жіберілетінін нақтыламады, дейді Bloomberg агенттігі. Н.Мадуроның айтуынша, Қытай мұнай бағасының күрт төмендеуі салдарынан ауыр хал кешін отырған Венесуэланың ірі кредиторы болып табылады.