Пабло Пикассоның немересі оның картиналарын 290 млн. долларға сатпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пабло Пикассоның немересі оның картиналарын 290 млн. долларға сатпақ

Пабло Пикассоның немересі оның картиналарын 290 млн. долларға сатпақ

 Атақты испандық суретші Пабло Пикассоның немересі Марина оның өзіне мұраға қалған картиналарын

  • 9 Қаңтар 2015
  • 275
Фото - Caravan.kz


жасырын түрде 290 млн. долларға жуық қаржыға сатпақ, деп хабарлады РИА Новости New York Post газетіне сілтеме жасап.

Басылымның атап өтуінше, суретшінің биші Ольга Хохловамен некесінен туған ұлының қызы Марина Пикассо өзінің жеке коллекциясындағы атақты суретшінің жеті картинасын саудаға шығармақ. Атап айтқанда, ол 1923 жылғы «Әйелдің портреті (Ольга)» және «Аналық» (1921) картиналарын 54 миллион долларға сату жөнінде келссөздер жүргізуде.

Марина Пикассо картиналарды сатуымен дербес өзі айналысып, Женевада әлеуетті сатып алушылармен кездесуде, деп жазады газет. Сонымен бірге ол суретшінің  Канныдағы  атақты вилласын да саудаға шығаруды жоспарлауда. Газетте дереккөздің айтуынша, Пикассоның немересі өзінің атасы турпалы  бұрын да жағымсыз пікірлер айтып жүрген, сондықтан да өзіне мұраға қалған дүниелердің бір бөлігінен құтылмақшы. Ол атасын кезінде отбасына тиісті қаржылай көмек бермеді деп кінәлауда.