Ол Германияның Дельменхорст қаласындағы ауруханада жұмыс жасаған.
38 жастағы ер адам психиатр-дәрігерге емделушілерге жүрек препаратының дозасын асырып қолданғанын айтты. Сотталушының есімі жарияланбады. Тек ол қылмысты 2003-2005 жылдар аралығында жасағаны ғана белгілі.
Тергеу барысында анықталғандай, ер адам пациенттерге алдымен ине салып, кейін оны өмірге қайта алып келуге тырысқан. Ол осы әрекеті арқылы өзінің медициналық қабілетін жетілдірмек болған. Ер адам 2008 жылы адам өліміне қатысы болғаны үшін 7 жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады шетелдік БАҚ.