Балалар мультфильмі зұлымдыққа толы - ғалымдар - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалар мультфильмі зұлымдыққа толы - ғалымдар

Балалар мультфильмі зұлымдыққа толы - ғалымдар

 Лондондағы Университет колледжінің мамандары жүргізген зерттеу барысында балалар мульфильмінің зұлымдыққа, қатыгездікке толы екендігін анықтады.

  • 9 Қаңтар 2015
  • 418
Фото - Caravan.kz

Зерттеу барысында белгілі болғандай, балалар мультфильмінің кейіпкерлері ересектерге арналған фильм кейіпкерлеріне қарағанда екі есе өлімге душар болады екен.

Ғалымдар бір жылда шыққан фильмдер мен мультфильмдерде көрсетілген зұлымдық әрекеттерді  салыстырған. Зерттеуге ересектерге арналған  қоқынышты жанрдағы фильмдерді де пайдаланады.

Белгілі болғандай, балалар мультфильмінің кейіпкерлері ересектерге арналған фильм кейіпкерлеріне қарағанда 2,5 есе көп өлген. Кейбір мультфильмдердегі басты кейіпкерлерді кем дегенде үш рет қасақана өлтірген, сондай-ақ сол кейіпкерлердің ата-аналары да қаза тапқан. Бұл баланың психикалық жүйесіне кері әсерін тигізетін белгілі.

Бұған дейін, психолог мамандар мультфильмдегі кейіпкер сүйкімсіз, көріксіз болып, қиындықтан қашса, оңай жолмен, еңбексіз немесе алдау арқылы табысқа жетуді көксесе, ондай мультфильмдерді балаларға көрсетуден аулақ болу керектігін айтқан болатын, деп жазады шетелдік БАҚ.