Бұл Қазақстан басшысының Германияға ресми де, жұмыс та сапары емес. Сондықтан, мемлекеттер деңгейіндегі ешбір құжаттарға қол қою болмайды. Салтанатты шаралар да қарастырылмаған. Тіпті, мемлекет басшыларының кездесуі жабық жағдайда өтуі мүмкін.Дегенмен, кездесудің не туралы болатыны әзірден белгілі. Украинаның шығысындағы жанжалды реттеумен қоса Астанада өтетін «норманд форматындағы» келіссөз жайы сөз болмақ. Келесі аптаға жоспарланған Елордадағы кездесуге осы Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд, Ресей президенті Владимир Путин мен Украина басшысы Петр Порошкено қатысады.