Сценарий бойынша, студенттік жол жүру билеті түріндегі макетті киген адам орталық аялдаманың бірінен өтеді. Оны байқаған студенттер артынан түсіп, ұстап алуға тырысады. Ақыр аяғында билет қолға түседі. Мұнымен жастар алдына қойған мақсатқа қалай да жететінін көрсетпек болған. Жоғары оқу орындарының тәлімгерлеріне арналған жеңілдік осыдан алты жыл бұрын күшін жойған еді. Сондықтан Семейдегі 36 мың студент жол жүру билетінің толық құнын, яғни 60 теңгені төлеп жүруге мәжбүр. Ал оны әрбірінің қалтасы көтермейді.
Мақсат Советов, студент:
-Студентке әрине керек. Өйткені біз ақылы оқуда оқимыз. Ата-аналарымызға ауыр тиеді және біз айына есептеген кезде 5 мыңнан артық кетіп қалады. Келіп кеткенің 120 теңге, іс-шаралар болады оқу орнында, оларға бармасаң, тағы болмайды. Сондықтан бес мыңнан артық кетеді.