сол жағын айқындап бермек, деп мәлімдеді Қазақстандағы Украина елшілігінің баспасөз хатшысы Ирина Блащук.
Бұл туралы ол бүгін хабарлады.
"Әзір нақтылық жоқ. Украиналық ұстанымға орай Ресей Минск келісімдерін сақтауға тиіс. Осы жағы сақталса, басқасын көре жатармыз”, деді ол.
Желтоқсан айының соңында Украина президенті Петр Порошенко Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты "нормандтық форматтағы" кездесу Астанада 15-қаңтарда өтеді, деп мәлімдеген болатын.