Brent мұнайының бағасы бір баррель үшін 51,13 $-ға қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Brent мұнайының бағасы бір баррель үшін 51,13 $-ға қымбаттады

Brent мұнайының бағасы бір баррель үшін 51,13 $-ға қымбаттады

 АҚШ-тың кейбір өндіруші компаниялары жаңа ұңғымалар бұрғылауға ұзақмерзімдік келісімшарттардан бас тартуына байланысты мұнай бүгін қымбаттады,

  • 9 Қаңтар 2015
  • 412
Фото - Caravan.kz


деп Bloomberg агенттігі мәлімдеді.
ICE Futures Лондон биржасында мск уақытымен сағат 9:27-де Brent мұнайының ақпандағы фьючерстері бір баррель үшін 0,17 $ (0,33%)-ға, яғни бір баррель үшін 51,13 $-ға дейін қымбаттады. Бейсенбі күні фьючерстер құны 0,19 (0,37%)$-ға төмендеп, бір баррель үшін 50,96 $ құрады.
АҚШ-тағы бұрғылау қондырғылар операторы Helmerich & Payne Inc. Ұңғыма бұрғылауға қатысты төрт келісімшарттың тоқтатылуы туралы ескерту алғанын мәлімдеді. Бұған дейін төрт келісімшарттың бұзылуы туралы Pioneer Energy Services Corp. мәлімдеген болатын.
АҚШ-тың кейбір өндірушілері мұнай бағасы екі есе түскеннен кейін инвестициялық жоспарларды қайта қарауға мәжбүр, дейді аналитик Newedge Group в Токио Кен Хасегава.