Бірнеше күннен бері ауа температурасы +6 градустан төмен түспегендіктен қардың барлығы еріп кетіпті. Ал аяз биыл асықпайтын сыңайлы. Табиғаттың осындай тосын сыйынан ағаштар бүршік жара бастаған. Дәл осындай жағдай 2002 жылы болып, кезекті циклон қаңтарды сәуірге айналдырған болатын. Бірақ синоптиктер алдағы уақытта ауа-райы өзгеріп, қала тұрғындарын сақылдаған сары аяз бен боран күтіп тұр деп болжайды.
Аяулым Рысбаева, инженер-синоптик:
— Жылы ауа температурасы 1-2 тәулікке ғана созылады. Ал 11-ші қаңтардан бастап ауа температурасы төмендейді, яғни түнде 20-25, кей жерлерде 30 градусқа дейін суытады.