«Қолжетімді баспана» бағдарламасының тоқтатылуына орай түсініктеме берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қолжетімді баспана» бағдарламасының тоқтатылуына  орай түсініктеме берілді

«Қолжетімді баспана» бағдарламасының тоқтатылуына орай түсініктеме берілді

«Қолжетімді баспана» болмайды! Кісі есігінде күнелтіп жүрген миллиондаған отбасыларды үймен қамтуы тиіс мемлекеттік бағдарлама орта жолдан тоқтады.

  • 10 Қаңтар 2015
  • 409
Фото - Caravan.kz

Жұрт арасында ең танымал бағдарлама — ең рекордттық мерзім, яғни бір жарым жылдың ішінде келмеске кетіп отыр. Осы «Қолжетімді баспанаға» сеніп арзан үйге үміт артқандар абдырап қалды. Бірақ, Үкімет халықты сабырға шақыруда. Орта жолдан тоқтаған бұл бастама енді жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында әрі қарай жүзеге асырылмақ. Өйткені Елбасы өз Жолдауында осы жылдан бастап мемлекеттің ақшасына салынатын пәтерлерді мұқтаж адамдарға еш делдалсыз, барынша төмен пайызбен үлестіруге пәрмен берген болатын. Ендігі жерде баспана тұрғызумен «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы айналыспақ. Мұның ішіне «Қолжетімді баспанамен» бірге, «Аймақтарды дамыту», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» мен «Ақ бұлақ» секілді ірі  мемлекеттік бағдарламалар еніп отыр. Ал «Қолжетімді баспана» бойынша құжат тапсырған салымшылар үшін банкке барып, қайта келісім-шарт жасаудың қажеті жоқ.


Ерұлан Жамаубаев, «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ басқарма директоры:

Қорқатын да, сескенетін де нәрсе жоқ. Бұл бағдарламаның атауы  ғана өзгерді. Мемлекет тарапынан бақылауға қолайлы болу үшін негізгі жалпы бағдарлама қабылданады. «Қолжетімді баспана -2020-ның» негізгі тетіктері, бағыттары осы бағдарламаға енеді.