Бұл Алматыдағы ең ірі базардың бірі – Баянауылдағы таңғы абыр-сабыр. Жұрт әдеттегідей контейнерлерінің алдында емес, базар әкімшілігінің маңында тұр. Өйткені авто бөлшек саудалайтын орынның бүгіннен бастап есігі ресми жабық.
— Ешқайда кетпеңдер, жаңа жерге көшіреміз депті. Мұны кім естеді?
— Ешқайсымыз естіген жоқпыз.
Саудагерлер енді естігенімен, Баянауылды сүру шешімі осыдан бір жыл бұрын-ақ бекітілген екен. Базар қожайыны қанша соттасқанымен, барлығынан да жеңіліпті. Яғни, 5 гектарға жуық жер мемлекетттің меншігіне өткен. Бірақ нақты «сүру туралы» шешім алдын ала ескертілмеді деп саудагерлер даурығуда.
Жұмагүл Сәрсенбай, саудагер:
— Осы Баянауылда неше жылдан бері жұмыс істеп жүргенбіз. Енді баратын жер жоқ. Шамалы уақыт берсе, халықтың жағдайын ойлап.
Жамбыл Байқоңыр, саудагер:
— Дәл қазір баратын жеріміз жоқ. Не істейтінімізді білмей жатырмыз. Ескерткен жоқ. Бір-екі ай бұрын ескерткенде біз дайындалушы едік.
Уақыт саудагерлер сұрағандай көктемге дейін емес, келесі аптаға дейін ғана берілді. Одан кейін талапты орындамағандардың дүңгіршектері жаппай қиратылмақ. Әкімдік тіпті техникасын алдын ала әкеліп қойған екен. Ал Баянауылдың саудагерлеріне басқа базарлардан орын ұсынылыпты.
Бекқали Торғаев, Әуезов ауданының әкімі:
-Сот шешімі бүгіннен бастап күшіне енді. Сот орындаушылар шұғыл қызметіне кірісті. Ал сауадгерлерге осындай авто бөлшектер сататын үш базардан орын шағарамыз. Қалағандары сонда барсын. Ал мемлекет меншігіне өткен жердің ақысы төлеген.
Босаған 5 гектар жерге қала билігі осы жылдан қалмай қарқынды құрылысты бастамақ. Әкімдік жердің өтеуіне қомақты ақша төленгенін де айтып отыр.
— Осылайша саудагерлер шуына қарамастан шегерім бәрібір жасалмайтын болды. Ал бұл шашамен 4 мыңға жуық адамның өтініші еді. Сөйтіп, сүру жұмыстары бүгіннен-ақ басталып кетпек. Ал әкімдік сөзіне сенсек, бос орынға аурухана, мектеп сынды әлеуметтік нысандар салынбақ екен.