Крис Браунның концерті кезінде атыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Крис Браунның концерті кезінде атыс болды

Крис Браунның концерті кезінде атыс болды

Сан-Хосе қаласында (Калифорния штаты)  болған Крис Браунның концерті кезінде белгісіз біреу оқ жаудырған. Салдарынан бес адам жараланды, деп хабарлайды Entertainment Weekly басылымы.

  • 12 Қаңтар 2015
  • 252
Фото - Caravan.kz

"Фиеста" клубында атыс басталған шақта Браун  өзінің көпке танымал әнін орындап жатқан. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің пікірінше, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Тәртіп сақшылары бірнеше күдіктіні ұстады. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.