Ерекше телефон жұртшылыққа үш түрлі түсте: жасыл, қара және алқызыл түстерде ұсынылуда. Телефон жадында араб және орыс тілдерінде Құран кәрім жазылған. Қарапайым әрі ұғынықты қосымшалары арқылы қасиетті Құран аяттарына оңай ауысуға болады.
Ресей мұсылмандары орталық басқармасының өкілі Темір Имаев аталмыш құрылғыны шығармас алдын мұсылман жұртшылығының қызығушылықтарын, талап-тілектерін біліп, қандай гаджеттердің тиімді екенін анықтағандықтарын айтады.
«Телефон мәзірі өте қарапайым әрі ұғынықты. Бұл барша мұсылман баласына ыңғайлы болады», — дейді Имаев.
Қытайда құрастырылатын мұсылман қауымына арналған мобильді телефонның құны 1 900 сом тұрады, деп хабарланған «Нұр Астана» мешітінің ресми сайтында.