Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, арқалаған қапшығынан мылтықтың ұңғысы шығып тұрған 29 жастағы еркек учаскелік полиция қызметкері ұстаған.
Тексеру барысында қапшықтан 12-калибрлі «ИЖ» мылтығы табылды.
Өзінің айтуынша, металл жинап нанын айыратын ол тауып алған мылтықты металл қабылдайтын жерге өткізбек болған көрінеді.
Қару баллистикалық сараптамаға жөнелтілді.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр. Күдікті ешқайда шықпау туралы қолхат негізінде босатылды