Мұнай бағасы енді баррель үшін 100 долларға дейін өспейтін болар, деп топшылайды сауд арабиялық миллиардер және инвестор Аль-Валид ибн Талал ханзада, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.
Оның айтуынша, Сауд Арабиясының өндірісті тоқтатпау туралы шешімі дұрыс болған.
Ханзада сұраныс аз кезде рынокта мұнайдың артық екендігін атап өтті.
"Мұнай рынокқа бұрынғысынша шығарыла берсе, ал сұраныс артпаса, баға одан әрі төмендеуі мүмкін”, деді ол USA Today берген сұхбатында. –Егерде ұсыныс азайып, сұраныс артса, баға артады, бірақ мен мұнай бағасы енді 100 доллар болады, дегенді көрмейтіндігімізге сенімдімін. Мен бір жыл бұрын баррель үшін 100 доллардан артық баға жасанды баға деп айтқан болатынмын”, деді ол.
Өткен жылы мұнай бағасы 50 пайызға төмендеді.