Таразда әскери қызметші тұрғындарды өрттен құтқарып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда әскери қызметші тұрғындарды өрттен құтқарып қалды

Таразда әскери қызметші тұрғындарды өрттен құтқарып қалды

 Тараз қаласы Рысбек батыр көшесіндегі көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары үшін 85395 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Алмасбек Иманғазиев - нағыз батыр. Азаматтар тарапынан бұл құрметті атаққа ол ірі өрт ортасында қалған адамдарды құтқарғаны үшін ие болды.

  • 12 Қаңтар 2015
  • 389
Фото - Caravan.kz

«Біздің үйдің пәтерлерінің бірінен өрт шыққанда тұрғындардың көпшілігі жұмыста еді. Үйдің жанынан өтіп бара жатқан әскери қызметші өрт шыққанын көріп пәтерлерінде қалып қойған тұрғындарға көмекке келді», — дейді осы үйдің тұрғыны Ақерке Тұрсынбекова.

Алмасбек Иманғазиев біртіндеп отқа орана бастаған үйге қаймықпай кіріп, тұрғындардың пәтерлерінен шығуына жәрдемдесті, бір жүкті әйелді, сондай-ақ пәтерлердің бірінде құлыптаулы қалған балаларды оттан құтқарды.

Өрт орнына жеткен өртке қарсы қызмет бригадасы әскери қызметшінің өрт жағдайында жедел, ең бастысы, дұрыс әрекет еткенін атап өтіп, тұрғындарды құтқарғаны және батылдық танытқаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.