Айыпталушы үйленгелі жатқан досының қуанышы үшін 100 грамм арақ ішіп, оның көлігін өзі жүргізетін боп шешіпті. Бүгінгі процеске куәгер ретінде сол қымбат джиптің иесі Батыр Дүйсебаев адвокатымен келді. Көлік тізгінін мас адамға тапсырғаны үшін «күйеу жігітке» де қатысты қылмыстық іс қозғалған. Үш ай бойы тергелген істің күрмеуі әлі шешілер емес. Ал қапыда қаза тапқан жаяу жүргіншілердің туыстары сотталушыдан қомақты өтемақы талап етуде.
Гүлмира Тоқтағанова, жәбірленуші тараптың адвокаты:
— Жәбірленуші жақ 40 млн теңге талап етіп отыр. Екі отбасына 10 млн теңгеден, ал көз жұмған азаматша Әкімжанованың ұлы да қосымша арыз жазып, тағы 10 млн сұрадық. Сот сұраныстарын қанағаттандырса, оларға кемі 20 млн теңге төлеуге міндеттеледі.