-Такси. Такси. Қарындас, такси!
Ақтөбенің тәртіп сақшылары бүгін базар, вокзал алдын аралап, такси жүргізушілеріне ескерту жасады. Дегенмен жұрт даурығып жүргендей дауыстап қана адам шақырғанға ешқандай жаза қарастырылмаған. Тек қыр соңынан қалмай, мазаны алатындарға қатысты арыздана аласыз. Ондай такси жүргізушілеріне 10 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Осындай айыппұл дауыстап пәтер жалға берушілерге және ыммен болса да қызметін ұсынып жүрген жезөкшелерге де салынады. Ал жаңа ережеден ерте құлағдар болды ма, бұрынғыдай Ақтөбе көшелерінен қайыршы кезіктіру қиын. Тәртіп сақшыларының кезекті рейді кезінде тиын-тебен сұрап жүрген бір ғана адам анықталды. Енді ол да борышкерлер қатарына қосылып отыр. Мұндай жандарды болдырмау үшін тәртіп сақшылары адамдар көп шоғырланатын базар мен вокзалда тексеруді жиілететіндерін айтады.
Нұрғали Сербаев, Ақтөбе қалалық Елек полиция бөлімінің инспекторы:
-Пәтер жалдаушылар немесе такси жүргізушілері, сол сияқты қайыр сұрайтындар көбіне кездеседі. Мына темір жол вокзалы алдында, сонымен қатар орталық базарда көбіне кездеседі.