Фидель Кастро өзінің тірі екенін айтып, Диего Марадонаға хат жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Фидель Кастро өзінің тірі екенін айтып, Диего Марадонаға хат жазды

Фидель Кастро өзінің тірі екенін айтып, Диего Марадонаға хат жазды

 Кубаның экс-президенті Фидель Кастро аты аңызға айналған футболшы Диего Марадонаға өзінің тірі екенін дәлелдеп, хат жолдады, деп жазады РБК. 

  • 13 Қаңтар 2015
  • 313
Фото - Caravan.kz


Хаттың фотокөшірмесі TeleSUR латынамерикалық телеарнасында жарияланды. 

Алайда, дереккөзінің жазуынша, хатта Кастроның өзі түскен соңғы сурет жоқ екені айтылады. Себебі, соңғы рет 2014 жылдың қаңтар айында Гаванадағы көркемсурет көрмесін тамашалағаннан бері Кастро жұрт көзіне түспеген. 

Атақты саясаткер 2006 жылы отставкаға кетіп, билікті інісі Рауль қолына алған. Содан бері Кастро қоғамда көрінбей тек, әлсін-әлсін Escambray басылымына мақалалар беріп тұрады.