Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті

Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті

Маңғыстау облысында болған жол-көлік апатынан екі адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті,

  • 13 Қаңтар 2015
  • 394
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Лада.kz жол патрулі қызметіне сілтеме жасап.

«Апат 8 қаңтарда Таушық-Ақтау тас жолында орын алған. «Лада» көлігінің жүргізушісі, Форт-Шевченко қаласының 39 жастағы тұрғыны әйелімен және үш баласымен облыс орталығына бет алған. Жүргізуші қандай да бір себептермен рөлді дұрыс басқара алмай, көлік аударылып қалған»,- делінген хабарламада.

Апат нәтижесінде «Лада» көлігінің жүргізушісі мен оның 10 жастағы қызы алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. 



Тағы үш жолаушы — жүргізушінің әйелі мен 4 және 15 жастағы екі баласы ауыр жарақаттанды. Олар ауруханаға жеткізілді.