Шымкентте майдангер қарттар туралы кітап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте майдангер қарттар туралы кітап шықты

Шымкентте майдангер қарттар туралы кітап шықты

Жеңістің 70 жылдығына орай Оңтүстегі ардагерлер қауымы да бірігіп, кітап шығарды. «Ерлік – елге мұра» атты туындыны жазып шығу үшін көзі тірі 500-ге жуық майдангер мен тыл ардагерлері түгел қатысыпты.

  • 14 Қаңтар 2015
  • 275
Фото - Caravan.kz

Әлі қалың оқырманға жол тартып үлгермеген кітап қазірдің өзінде батырлар жырына баланып отыр. Мұнда, бұған дейін айтылмаған әңгімелер мен жеке мұрағаттарынан суреттер басылып, ескерілмеген деректер де кірген. Оңтүстіктің жазушылары мен тарихшылары тер төккен дүниенің тұсаукесері ақпан айында өтеді деп жоспарланған. Таралымы шектеулі ғана туындыда есткеліктермен қатар, жеңіске үлес қосқан өндіріс орындары да назарға алыныпты.

Үрзада Айтөреева, ОҚО ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

-Біздің өңірімізде қорғасын зауыты мысалы сол кездегі, пресс автомат зауыттары, бүкіл одақтың салмағын көтеріп тұрған сондай өндіріс орындары болған. Оған қатысқан кісілер болған. 24 сағат тәулікпен есептеспей жұмыс істеген ардагерлер болған. Ол кісілердің көзі тірілерін сөзге тартқан. Қалғаны мұрағаттан алынған деректермен жинақталған.