Қазақстанда үздік спортшыны анықтау үшін байқау жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда үздік спортшыны  анықтау үшін байқау жарияланды

Қазақстанда үздік спортшыны анықтау үшін байқау жарияланды

Үздік спортшылар біздің елде де анықталады. Мәдениет және спорт министірлігі 2014 жылдың озықтарын тандауға байқау жариялап отыр. Оған Қазақстан намысын қорғап, жылқы жылында ерен еңбегімен көзге түскен 17 мықты қатыспақ.

  • 14 Қаңтар 2015
  • 283
Фото - Caravan.kz

Тізімге іліккендердің дені ауыр атлетика мен бокс шеберлері екен. Дауыс беру 15 қаңтарға дейін жалғаспақ. Десе де қазірдің өзінде фовариттер баршылық. Солардың бірі – Сочи олипиадасының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен. Ол 25 пайыз дауыс жинаған. Одан кейін екінші орын былғары қолғап шебері – Генадий Головкинде. Оған 22 пайыз дауыс берілген. Үштікті екі дүркін Олимпиода чемпионы, зілтемірші Илья Ильин жалғастырған. Әзірге оның жинаған дауысы – 15 пайыз.