Биыл дауыс берушілердің 38 пайызы Криштиануды «үздік» деп тапқан. Ал «Барселона» капитаны, 27 жастағы аргентиналық Леонель Месси екінші орынға лайықты деп танылған. Оған небәрі 15 пайыз дауыс беріліпті. Үздіктер үштігіне – «Бавария» қақпашысы — 26 жастағы неміс ойыншысы Мануэль Нойер ілікті. Ал үздік бапкер атағына Йоахим Лев ие болды. Биыл ол жетекшілік еткен Германия құрамасының чемпион атанғаны естеріңізде болар. Үздік футболшы Криштиану Роналду «Алтын допты» осымен 3-ші мәрте алып отыр. Португалдық сұрмерген Испанияның «Реалында» 5 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт аралығында команда Ла-лигадағы жеңістерін қоспағанның өзінде, Чемпиондар лигасы мен УЕФА-ның суперкубогіне ие болған.