Метрода алапат өрт болып жүздеген адам ыстан уланды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Метрода алапат  өрт болып жүздеген адам ыстан уланды

Метрода алапат өрт болып жүздеген адам ыстан уланды

АҚШ астанасындағы метрода өрт болды. Бір адам қаза тауып, тағы көптеген жолаушы зардап шеккен. Қазір жер асты жолы түгел тоқтатылып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

  • 14 Қаңтар 2015
  • 249
Фото - Caravan.kz

Жергілікті басылымдар таратып жатқан ақпарға қарағанда, 84 адам ыстан уланған. Барлығы да ауруханаға жеткізіліпті. Ал өрт Вашингтон метросындағы ірі станциялардың бірі – «Ланфан-плаза» маңында шығыпты. Тунелден тараған қою түтін вагон ішіне жеткен. Сөйтіп, машинист метро көлігін алдындағы бекетке жетпестен тоқтатуға мәжбүр болыпты. Жолаушылардың жаппай тұншығуына осы себеп болған. Ал қаза тапқан адам жас келіншек екен. Әзірге өрттің нақты себебі айтылған жоқ.