Қостанай облысының төтенше жағдай қызметі жүргізушілерге кешеден бері алыс сапарға шықпау туралы ескерту таратып жатыр. Қазір бұл өңірде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жеткен. Ауа-райына байланысты мектептердегі сабақтар жарты сағатқа дейін қысқартылды. Шаһардан шығатын жолдардың бәрі жабық. Көктайғақтың салдарынан қалада шағын жол көлік апаттары жиілеп кеткен.
Зәмзәгүл Айдарбекқызы, Қостанай облыстық ТЖД бас маманы:
-Бүгінгі таңда Қостанай облысының 7 ауданында қазір құтқару операциялары жүргізіліп жатыр. Онда адамдарды қауіпсіз жерге көшіру осы төтенше жағдай қызметкерлері барлығы қызмет атқаруда.
Солтүстік Қазақстан облысында да жағдай дәл осындай. Таңертең жауа бастаған қардың соңы ақтүтек боранға ұласты. Бұл өңірге Еуропадан келген циклонның әсері дейді мамандар. Желдің күшейгені сонша, қарға адым жер көрінбей қалды.
Гүлзат Қайыргелдіқызы, «Казгидромет» РМК СҚО филиалының бөлім бастығы:
-Бүгін күндіз облыс бойынша қар, бұрқасын, көріну қашықтығы 500 метрден 50 метрге дейін нашарлады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 , кей жерлерде 27 м/с дейін күшейді. Осындай тұрақсыз ауа райы Ресейдің еуропалық аумағынан келген циклонмен байланысты.
Қазір Петропавлдан шығатын жолдардың барлығы жабылды. Жол сақшылары тек жақын ауылға қатынайтын көліктерді ғана өткізіп жатыр. Шалғайға жол тартқан автобустар боранның басылуын күтіп, жол жиегінде тұр.
-Жол сақшылары жаңа ғана хабарлағанадай ескертуге қарамастан жолға шығып кеткен он шақты көлік Петропавл- Сергеевка тас жолында қалып қойған. Қазір тәртіп сақшылары оларға көмеккке кетіп жатыр. Жүргізушілер мен жолаушылар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілетін болады.
Синоптиктер алдағы күндері де қарлы боранның екіпіні күшті болады деп отыр. Солтүстік қана емес, Батыс пен Оңтүстік Қазақстанда да апта ортасынан бастап қыс қаһарына мінбек.