Яғни, бұдан былай кез-келген мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік желілердегі жеке парақшасы арқылы Үкіметке қарсы аудио, видео, фото материалдар жариялауға құқығы жоқ. Шенеуніктер мұндай мазмұндағы біреудің жазбасын жақтап, «лайк» та баса алмайды. Тіпті билікті жиі сынайтын ғаламтор қолданушыларымен достасуына, рұқсат жоқ. Басшыларын, әріптестерін, жалпы мемлекеттік аппаратты мұқатуға да шектеу қойылып отыр. Сондай-ақ, ереже бойынша, мемлекеттік қызметкерлердің интернетте дөрекі жауап беріп, бейәдеп сөйлеуіне, жұртпен салғыласуына тыйым салынады. Бірақ ғаламторда терроризм мен экстремизм, сепаратизм туралы үгіт-насихатты көрсе,оның алдын-алып тиісті орындарға хабарлап отыруға міндеттеліп отыр. Үкімет бұл құжатты мемлекеттік қызметкерлердің абыройына кір келтірмеуге және жалған ақпарат таратуға жол бермеу үшін қабылдапты. Алайда, сол құпия құжаттың көшірмесі интернетті шарлап кеткен.