Порошенко, Путин, Олланд және Меркель Астанаға әзір келмейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Порошенко, Путин, Олланд және Меркель Астанаға әзір келмейтін болды

Порошенко, Путин, Олланд және Меркель Астанаға әзір келмейтін болды

Астанада өтуі тиіс «Норманд форматындағы» кездесу кейінге шегерілді. 15-ші қаңтарда яғни, алдағы мен бейсенбіде Елордада Украина,  Ресей, Франция мен Германия президенттері бетпе-бет жүздесуі тиіс болған. Алайда, күтпеген жерден жоспар өзгеріп шыға келді.

  • 14 Қаңтар 2015
  • 295
Фото - Caravan.kz

Арқа төсінде Украинаның Шығысындағы соғысты тоқтату жайы талқылануы қажет еді. Порошенко мен Путин келіссөзге қатысуға дайын екенін білдіргенімен, Олланд пен Меркельдің қас-қабағына қарап отыр. Германия канцлеріне тіпті жақында Қазақстан президенті арнайы барып келген болатын. Бірақ Париждегі лаңкестік әрекет, одан қалды ресми Берлиннің әліптің артын бағуы Астана саммитінің болашағын бұлыңғыр етіп жібергендей. Оның үстіне Германия Минскте жасалған келісім орындалмай жатып «норманд форматындағы» кезекті кездесу ұйымдастырудың қаншалықты маңызы дегендей сыңай танытып отыр. Алайда, бұл төрттік Астанада бас қоспайды деген сөз емес. Украина, Ресей, Германия мен Франция ымыраға келіп, кездесудің нақты уақытын белгілесе, арағайындық танытқысы келетін Ақорда тараптарға төрін ұсынауға әркез дайын .