Германияның Астанадағы елшілігі Facebook-те виза мәселелері бойынша кеңестер береді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияның Астанадағы елшілігі Facebook-те виза мәселелері бойынша кеңестер береді

Германияның Астанадағы елшілігі Facebook-те виза мәселелері бойынша кеңестер береді

 Германияның Астанадағы елшілігі жақын арада Facebook-тегі парақшасында «Консулдан сұра» деп аталатын жаңа айдар ашылатынын хабарлайды, деп оқырмандарға ақпарат берген дипломатиялық өкілдік жоғарыда аталған әлеуметтік желіде.

  • 14 Қаңтар 2015
  • 660
Фото - Caravan.kz

«Кез келген тілек білдіруші достарымыз Facebook-те info@astana.diplo.de электронды мекен-жайға «Facebook: Консулдан сұра» тақырыбына виза ашуға өтініш беру рәсімі жөнінде қысқаша сұрақтарын бере алады. Бұдан кейін консул әр апта сайын оқырмандарымыздан түскен ең қызықты деген сұрақтардың біріне жауап қайтарады», — делінген хабарламада.

Ақпараттық қауіпсіздік үшін елшілік өкілдері сұрақтарды түсіндірмелерде жарияламай, электронды пошта арқылы ғана жіберуді ұсынады.


«Сұрақ берушінің аты-жөні аталмайды», — деп атап өтілген елшіліктің Facebook парақшасындағы жарияланымында.