Қазақстанның төрт аймағында бұрқасын салдарынан жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның төрт аймағында бұрқасын салдарынан жолдар жабылды

Қазақстанның төрт аймағында бұрқасын салдарынан жолдар жабылды

 ҚР ІІМ-нің ТЖ комитеті Қазақстанның бірқатар аумақтарында жолдардың жабылғаны туралы хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2015
  • 350
Фото - Caravan.kz


Осылайша, ауа райының қолайсыздығына байланысты «Астана-Атбасар» күре жолының учаскесі көліктің барлық түрлері үшін жабылды. 

Ақмола облысында «Астана-Петропавл» (304-341 шақырымы) мен «Мамлютка-Қостанай» күре жолдарының учаскелері (404-180 шақырымы) жабылды. 

Ақтөбе облысында «Қарабұтақ-Комсомол»  тас жолының учаскесінде (89-231 шақырымы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды. 

Сонымен бірге ауа райының қолайсыздығына байланысты «Денисовка-РФ шекарасы» (0-174 шақырымы), «Жезқазған-Петропавл» (252-377 шақырымы), «Арқалық-Торғай», «Ұзынкөл-Сарыкөл», «Қостанай-Веденка» көлік жолдарының учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. 

Солтүстік Қазақстан облысында қалың қардың түсуі, бұрқасын мен жолдың нашар көрінуі салдарынан «Мамлютка-Қостанай» (0-180 шақырымы), «Челябі-Новосібір» (465-655 шақырымы); «Петропавл-Соколовка-Есіл» (11-73 шақырымы); «Жезқазған-Петропавл» (719-954 шақырымы); «Астана-Петропавл» (341-473 шақырымы) күре жолдарының учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін жабылды.