Қазақстанда автоорындықтарды қолданбаған жүргізушілерге айыппұл салына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда автоорындықтарды қолданбаған жүргізушілерге айыппұл салына бастады

Қазақстанда автоорындықтарды қолданбаған жүргізушілерге айыппұл салына бастады

 Астанада дүйсенбіден бастап балаларды тасу кезінде автоорындық қолданбаған 20 жүргізушіге айыппұл салынды.

  • 14 Қаңтар 2015
  • 348
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана қалалық ІІД-інде өткен брифингте Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков айтты.

"Біз Заң күшіне енген алғашқы 10 күнде жүргізушілерге ескерту жасап, алдын алу шараларымен айналыстық. Оқу жылының үшінші тоқсанының басталуын күттік. Қысқы демалыс болып жатқандықтан, ата-аналарға мүмкіндік бердік. Енді осы дүйсенбіден бастап аталған санкцияларды қолдана бастадық", — деп атап өтті ол.

С.Жүсіпбековтің айтуынша, қазір полиция қызметкері жүргізушілерге ескерту жасамайды.


"Осы дүйсенбіден бастап 20 жүргізуші балаларын арнайы автоорындықсыз алып жүргені үшін жауапкершілікке тартылды. Ал қалада жарығын жақпай жүргені үшін 724 жүргізушіге айыппұл салынды", — деп түсіндірді ІІД өкілі.