Красногорск селолық округінің әкімі «ұйқы ауруына» шалдықты деген күдікпен ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Красногорск селолық округінің әкімі «ұйқы ауруына» шалдықты деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Красногорск селолық округінің әкімі «ұйқы ауруына» шалдықты деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Красногорск селолық округінің әкімі «ұйқы ауруына» шалдықты деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Есіл аудандық ауруханасының бас дәрігері Қабдырашит Әлмағамбетов мәлім етті.

  • 15 Қаңтар 2015
  • 402
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша,  Красногорск селолық округінің әкімі Әсел Сәдуақасова мен тағы үш жасөспірім «ұйқы аурына» шалдығып, Есіл ауданындық ауруханасына жеткізілген. Бас дәрігердің сөзіне қарағанда сенбі күні ауруханаға түскен округ әкімінің диагнозын нақты айту мүмкін болмай отыр.

Сондықтан, оны санавиациямен Астанаға жіберу жоспарда бар көрінеді. Ал қалған үш науқас жасөспірім дәрігерлердің бақылауына алынып, медициналық көмек көрсетілуде.

Еске сала, кетсек, жақында ғана Красногорск селолық округі әкімінің 50 жасар жүргізушісі «Белгісіз генезді энцефалопатия» диагнозымен Есіл аудандық ауруханасында жатып шыққан болатын.