Ресей Украинаның дефолтқа ұшырағанын қаламайды, бірақ қарызды өтеу қажет – Медведев - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Украинаның дефолтқа ұшырағанын қаламайды, бірақ қарызды өтеу қажет – Медведев

Ресей Украинаның дефолтқа ұшырағанын қаламайды, бірақ қарызды өтеу қажет – Медведев

 Мәскеу Украинада дефолт болғанын қаламайды. Алайда, біз көрші елден қарызын өтеуді талап етуге құқылымыз. Бұл туралы РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев мәлім етті.

  • 15 Қаңтар 2015
  • 419
Фото - Caravan.kz


«Турасын айтайық, біз Украинаның дефолтқа ұшырағанын, онсыз да күрделі жағдайға душар болған экономикалық ахуалдың ушыққанын қаламаймыз. Керісінше, бізге «тірі» серіктес қажет», — деді Д.Медведев сәрсенбі күні Мәскеуде өткен форумда.
«Дегенмен қарыз алған соң оны төлеу қажет», — деп атап өтті премьер-министр.
Оның айтуынша, бұл жерде мемлекеттік, коммерциялық, соның ішінде банктік қарыздар туралы әңгіме болып отыр.
«Сондықтан жуық арада осы мәселеге қатысты шешім қабылдауға тура келеді», — деп ескертті Д.Медведев.