Лаңкестік шабуылдан кейін «Шарли эбдоның» алғашқы саны шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лаңкестік шабуылдан кейін «Шарли эбдоның»  алғашқы саны шықты

Лаңкестік шабуылдан кейін «Шарли эбдоның» алғашқы саны шықты

Францияның газет дүңгіршектеріне «Шарли эбдо» журналының 7 қаңтардағы қайғылы оқиғадан кейінгі бірінші саны түсті. Басылымның бұл жолғы таралымы рекордтық 3 миллион дананы құраған. Әдетте ол небәрі 60 мыңдық таралыммен басылатын. Ал электрондық нұсқасы ағылшын, испан және араб тілдерінде жарияланды.

  • 15 Қаңтар 2015
  • 241
Фото - Caravan.kz

Апталық басылымды беттеу жұмыстарына сырттан журналистер шақыртылмай, журнал қызметкерлерінің өздері айналысқан. «Шарли Эбдоның» барлық авторлары уақытша «Libеration» газетінің кеңсесінде жұмыс істеуге мәжбүр. Соңы қайғылы аяқталған оқиғаға қарамастан редакция «қалжындауға тыйым салынған тақырып жоқ» деген ұранмен жұмысын жалғастыруда. Басылым басындағылар осы шығарылымды «аман қалғандар нөмірі» деп атапты. Ал сатылымнан түскен қаржының барлығы мерт болған журналистердің жанұясына берілмек.Діни тақырыпта келемеж суреттер басумен танылған журналға өткен аптада лаңкестер шабуыл жасап, журналистерін жер жастандырған болатын. Жалпы осы қастандық кесірінен 12 адам мерт болып, 11 адам түрлі жараланды.