Қонжығын жеп қойған аю мекендейтін Шымкент зообағының директоры қызметінен кетпек - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қонжығын жеп қойған аю мекендейтін Шымкент зообағының директоры қызметінен кетпек

Қонжығын жеп қойған аю мекендейтін Шымкент зообағының директоры қызметінен кетпек

Өзінің екі қонжығын жеп қойған аю мекендейтін Шымкент зообағынан тағы ши шықты. Бұл жолы өз орынбасарынан зәрезап болған мекеме директоры, қызметкерлерін жинап алып жұмыстан кетемін деп қиғылық салды.

  • 15 Қаңтар 2015
  • 289
Фото - Caravan.kz

-Мен ұжымға керекпін ба, керек емеспін бе? Керек емес деп айтсаңдар мен сендердің де, өзімнің де уақытымды жүйкені тоздырмай  кетейін.

Басшының бұлай шала бүлінуіне жаңадан келген орынбасары Мұхтар Мұхамеджанның әрекеті себеп болыпты. Ойда жоқта облыстық мәдениет бөлімі арқылы тағайындалған ол, қараша айынан бері ұжым ішінде іріткі салып келеді дейді директор. Айтуынша, ол жергілікті газеттерде зообақтағы жануарлар директордың кесірінен өліп отыр деп бірнеше мақаланы тапсырыспен жаздырған. Апта бұрын жаңа туылған қонжықтарды енесі жеген жоқ, оларды сатып жіберген деген ақпарат таратқан соң шыдамы таусылған директор бүгін зообақ қызметкерлеріне кетемін деп тулады. Ал орынбасары бұл жиынға да қатысқан жоқ.

Сейдулла Жұбаев, Шымкент зообағының директоры:

Оның нақты ешқандай қызметі жоқ, жұмысы жоқ. Сол аптасына бір рет көрінеді да, сол жаңағы материалдар басқа жерлерден бәле іздеп, газеттерге жазып бірдеме деп, сұрасаң облыс әкімінің тапсырмасымен Түркістанда жолдауды талдап жүрмін, Төлебиде жолдауды насихаттап жүрмін дейді.