Калачи әкімі қалғып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Калачи әкімі қалғып кетті

Калачи әкімі қалғып кетті

Аты жоқ ауру Калачи әкіміне де жетті. Бүгін атышулы Красногор селолық округінің әкімі Әсел Сәдуақасова қалың ұйқыға кетті. Онымен бірге тағы 14, 15 және 4 жасар бала қалғып кеткен.

  • 15 Қаңтар 2015
  • 247
Фото - Caravan.kz

Қазір әкім мен науқас балалар Есіл ауруханасында жатыр. Аяқасты ұйқыға кеткен Калачи әкімі өзін әлсіз сезініп бойын қорқыныш билеген. Ал күллі әлемге аты шыққан ауыл тұрғындары кемі жарты жылдың ішінде тегіс көшірілетін болды. Алдымен көп балалы отбасылар жақын маңдағы аудандарға қоныстандырылмақ. Мәселен қаңтар айында 30 жанұя көшуге дайын отыр екен. Ал Державинскідегі әскери қалашық пен Есіл қаласынан үй тұрғызу үшін Ақмола облысы ел бюджетінен қосымша 2 миллиард теңге сұрап отыр. Айта кетсек, Калачидегі белгісіз дерттің себебі әлі анықталған жоқ. Ал жақында Астаналық дәрігерлер дені сау адамның қалғып кетуі мүмкін емес деп тұрғындардың өздерінің денсаулығына күмән келтірген еді. Енді ұзақ тартыстан соң Калачи халқы мамырға дейін туған жерлерінен көшіп болуы тиіс.

Сергей Кулагин, Ақмола облысының әкімі:

-Калачиде адам қалдыруға болмайды. Әрине, бұған көп ақша керек. Үкімет оны бюджеттен алып бере салмайды. Бірақ мәселе шешілуі тиіс. Мен аймақ кәсіпкерлеріне үндеу жасап бұл іске қаржылай көмек беруін сұрадым. Олар келісіп отыр