Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы департамент директоры Нұрлан Пірімовтың мәлімдеуінше, тарифтің төмендеуі уақытша өтемдік тарифтің 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылуында болып отыр. Егер бұған дейін тұтынушылар үшін тариф шаршы метріне ҚҚС-ты қоса есептегенде 85,1 теңге болса, енді шаршы метріне 82,03 теңге немесе ҚҚС-ты қоса есептегенде 1 Гкал үшін 2848,13 теңге төлейтін болады.