Әлжан Ақмолдаевты қамақта ұстау мерзімін ұзартты.
Хабарламаға сүйенсек, Ә.Ақмолдаевты қамау мерзімі 20-ақпанға дейін ұзартылды. Оған Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тергеушілерінің өтініші түрткі болыпты.
Тергеу материалдарына сүйенсек, Ә.Ақмолдаев «Металлургия-Металл өңдеу» индустриалды паркі аумағына нысан салуға бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталған. Ә.Ақмолдаев парк аумағында тазарту нысандарын салуға бөлінген 1 млрд 200 млн теңгені жымқыру схемасын жасап шыққан көрінеді.
Сот қаулысына қарағанда, Ә.Ақмолдаев пен бірқатар лауазымды тұлға бірлесіп, чех қондырғысының орнына арзан дүниелер сатып алған. Ал, үстіндегі 1,2 млрд теңгені қалтасына басқан.