Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жиынға мемлекеттік қызмет істері бйынша департамент, «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалының, «Нұр Отан» партиясының ЖОФ жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық кеңес өкілдері мен облыстық және республикалық БАҚ журналистері қатысты.
Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұл жолдағы талпыныстарды біріктіру қажеттілігін айтты.
«Мемлекет басшысы бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияның негізгі идеясы онымен күресу емес, оған төтеп беру, — деді мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес бойынша департаментінің басшысы Мақсат Қожабаев. — Бұл орайда әр азаматтың үлес қосуы маңызды. Мұнда жемқорлықтың салдарын жою емес, оның алғышарттарын жою әлдеқайда маңызды. Қоғамда жемқорлық деңгейін төмендете алатын кешенді шараларды жүзеге асыруды қолға алған жөн».
Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес бойынша департаменті, «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы және бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандум жобасы талқыланды. Меморандум жемқорлықпен күрес ісіндегі өзара әрекеттестікті нығайтуы тиіс.