Семіруге қарағанда гиподинамиядан адамдар көп өледі – британдық зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семіруге қарағанда гиподинамиядан адамдар көп өледі – британдық зерттеу

Семіруге қарағанда гиподинамиядан адамдар көп өледі – британдық зерттеу

Көп қимылдамау және дене шынықтыру жаттығуларының жоқтығы еуропалықтардың  семіруге қарағанда екі есе көп өлуіне себеп болады.

  • 15 Қаңтар 2015
  • 737
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Би-би-си Кембридж университеті ғалымдарының зерттеуіне сілтеме келтіре отырып мәлімдеді.
Олардың мәліметі бойынша, жылына артық салмақтан 337 мың адам өлсе, гиподинамиядан 676 мыңға жуық еуропалық қайтыс болады.
Зерттеушілердің пікірі бойынша, егер әркім күн сайын ең құрығанда 20 минут жылдам серуендесе, жағдай басқаша болар еді.
Ғалымдардың айтуынша, толық адамдарға қарағанда арық адамдар дене жаттығуларын жасамаса денсаулығына көп зиянын тигізеді екен.