деп хабарлады америкалық "Вашингтон пост" газеті.
Әрт түрлі бағыттар бойынша жауапты лауазымды төрт қызметкер қызметінен кетпек.
"Жұмысқа тың көзқарас керек”, деді қызмет бастығының міндетін уақытша атқарушы Джозеф Клэнси.
Құпия қызмет – АҚШ федералды агенттігі, ол ішкі қауіпсіздік министрлігінің құрылымында, міндеті- АҚШ президенті, вице-президентінің, олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қорғау.
Соңғы кезде бұл қызметтің беделіне елеулі нұқсан келтірілді, әсіресе жағдайдың қиындауына Ақ үйдің аумағына пышақпен қаруланған ер адамның кіріп кеткені әсер етіп отыр.