Сара Брайтман ғарыш станциясына ұшуға дайындығын бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сара Брайтман ғарыш станциясына ұшуға дайындығын бастайды

Сара Брайтман ғарыш станциясына ұшуға дайындығын бастайды

Кеше жұлдызды қалашыққа келген британдық әнші  Сара Брайтман Ю.А. Гагарин атындағы ресейлік Ғарышкерлерді дайындау орталығында (ҒДО) ұшырылымға дайындықты бастайды, деп хабарлады ҒДО баспасөз қызметінен.

  • 15 Қаңтар 2015
  • 751
Фото - Caravan.kz

Құрамында жұлдызды әнші бар ХҒС-қа кезекті халықаралық экипажы 2015 жылғы 4 қазанда ұшады. Бар ақпаратқа сүйенсек, Брайтманмен бірге экипажға ресейлік ғарышкер Сергей Волков пен Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсен тағайындалды.

Белгілі болғандай, Брайтман бұдан бұрын РҒА Медициналық-биологиялық проблемалар институтында медициналық комиссиядан өтіп, ұшырылымға дайындыққа рұқсат алған. С. Брайтманның әлемдік сапарының аяқталғанына бір жылдан асты, енді ол жаңа тексеруден өтеді, себебі бұрынғы қорытынды жарамсыз. Қағидаға сәйкес экипаж мүшелерін бекіту жөніндегі бас медициналық комиссияның шешімі ұшырылымға дейін шамамен 40 тәулік бұрын шығарылады.

Он тәулікке ғарышқа ұшуды жоспарлаған Сара Брайтман ХҒС-қа барған  сегізінші «ғарыш қонағы» болмақ.


Әншінің дублері — Жапония азаматы Сатоши Такамацу, ол да дайындыққа келді.