ШҚО мен РФ шекарасы аралығында жол жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО мен РФ шекарасы аралығында жол жабылды

ШҚО мен РФ шекарасы аралығында жол жабылды

Боранға байланысты ШҚО мен РФ шекарасы аралығында жол жабылды.

  • 16 Қаңтар 2015
  • 323
Фото - Caravan.kz

«Қазақавтожол» РМК-ның хабарлауынша, Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы жолының 108-123 шақырымындағы Қызыл Шемонаиха ауылы мен Ресей шекарасы учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді. Қазіргі кезде боран салдары аталған жолдағы көлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіруде.

Ал еліміздің өзге өңірлеріндегі республикалық жолдарда көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.