Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина Президенті Петр Порошенко телефон арқылы әңгімелескен кезде кездесу уақытын келісті, делінген бүгінгі хабарламада.
Мемлекет басшылары Украинадағы ағымдық жағдайды, сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
"П.Порошенко Астанада жоғары деңгейде кездесу өткізуді қалайтынын растады. Таяудағы уақытта «нормандтық төрттік» сыртқы істер министрлері басшылары мен Шығыс Украинадағы дағдарыс бойынша қатынас тобының кездесулері өтеді. Онда Астанада талқылау үшін құжат жобалары пысықталады.
Телефон арқылы әңгіме украин тарабының бастамасымен өтті.