Алматыда дүкенге қарулы шабуыл жасаған күдіктілердің бірі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда дүкенге қарулы шабуыл жасаған күдіктілердің бірі ұсталды

Алматыда дүкенге қарулы шабуыл жасаған күдіктілердің бірі ұсталды

Алматыда дүкенге қарулы шабуыл жасаған күдіктілердің бірі ұсталды.

  • 16 Қаңтар 2015
  • 549
Фото - Caravan.kz


«Алғабас» азық-түлік дүкенінің иесі белгісіз үш адам дүкеніне шабуыл жасағанын мәлімдеген. Бұл туралы бүгін қалалық ішкі істер департаментінің бүгінгі хабаралмасында мәлімделген.
Жәбірленуші қаскөйлер тапаншамен қоқытып, кассадағы ақша мен үш ойын аппаратын алып кеткенін айтқан. Келтірілген зиян 825 мың теңгені құрайды.
Бағдаршамның қызыл шамына өтіп кеткен күдіктіні жол полицейлері қолға түсірген.
Жол ережесін өрескел бұзғаны үшін көлік тоқтатылған. Жүргізуші инспекторлардың күдігін туғызған. Оның үстіне жүргізушіде көлікке қатысты және жеке басын куәландыратын ешқандай құжаттары болмаған.
Полиция мәліметі бойынша, кейіннен осы қылмысқа тағы екі адамның қатысы бары анықталған, олар ойын аппаратын «Газель» көлігіне тиеген соң оқиға орнынан қашып кеткен.
Қалған қаскөйлерді іздестірілуде, ал ұсталған азамат полицияға жеткізілді.