Калачи және Красногорск тұрғындары биылғы жылдың бірінші тоқсанында толығымен көшіріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Калачи және Красногорск тұрғындары биылғы жылдың бірінші тоқсанында толығымен көшіріледі

Калачи және Красногорск тұрғындары биылғы жылдың бірінші тоқсанында толығымен көшіріледі

Есіл ауданындағы Калачи және Красногорск ауылдарының тұрғындары ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында толығымен көшіріліп болады.

  • 16 Қаңтар 2015
  • 378
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің Ақмол ауылында Астана қаласы маңындағы елді мекендерді дамыту және азық-түлік белдеуімен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша өткізген мәжілісте айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облысы әкімінің сөзіне қарағанда «ұйқыдағы» елді мекендердің тұрғындарын жақын аудандарға және облыстың өзге өңірлеріне көшір жоспарланған.

«Бұл мәселені шешу үшін көп қаражат қажет. Ал ол қаражатқа қол жеткізу біраз уақытты талап етеді. Ол үшін әрине, біздің өз тарапымыздан есеп-қисабын шығарып, дәлелдей алуымыз керек. Қазір біз 8 отбасын көшірдік. Осыншама адам пәтер кілтін алды», — деді өз сөзінде облыс әкімі.

Осы орайда облыс әкімі қаржы мәселесін шешу үшін жергілікті кәсіпкерлерге жүгініп, олар өз кезегінде көмек қолын созуға ниет танытқанын айтты.


«Біз тұрғындардың жақын аудандарға және облыстың өзге өңірлеріне көшірілгенін қалаймыз. Шамамен 25-30 отбасы қаңтар айында көшірілуі тиіс. Мамыр айына дейін балалары бар отбасыларды — 533 адамды толығымен көшіру жоспарда бар. Ал алдағы уақытта біз Үкіметтен 2 миллиард теңге қаражат сұрап отырмыз», — деді Сергей Кулагин.

Өңір басшысы бұл қаражат Державинск қаласындағы көпқабатты екі тұрғын үйді қалпына келтіру және Есіл қаласында Калачи тұрғындары арналған үй тұрғызу үшін қажет деп отыр.