Көкшетауда жылу орталығының дәл түбінде орналасқан үй жылусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда жылу орталығының дәл  түбінде орналасқан үй жылусыз қалды

Көкшетауда жылу орталығының дәл түбінде орналасқан үй жылусыз қалды

Көкшетау іргесіндегі Застанционный кентінің 500 тұрғыны қыс ортасында бүрсең қағып отыр. Бір қызығы баспаналары тура жылу орталығының қасында орналасқан. Бірақ арқаның аязында пәтерлеріндегі температура 10 градустан сәл ғана асады. Бұл мәселе жылу маусымы басталғалы бері шешілмей келеді. Жұрт жағдайды айтып құзырлы орындардың барлығына шағымданған. Бірақ, қыстың екінші айы өтіп бара жатса да жылу берілер емес.

  • 17 Қаңтар 2015
  • 402
Фото - Caravan.kz

Көкшетау шетіндегі «Шанхай» аталып кеткен кент тұрғындары жылу орталығынан будақтаған түтінге терезеден қарап қызығады. Бірақ бұл қазандықтардан үйлеріне жылу кеп жатқан жоқ. Пәтерлері ұлып тұр.

Өмірболат Садуақасов, Застанционный кентінің тұрғыны:

— Себебін мен білмеймі. Меніңше олар ана жерден шарик қойып қойды. Мына жылда суықта біз қалай отырамыз?

Әлия Жұмабаева, Застанционный кентінің тұрғыны:

Үй суық кәрілеріміз бар, балаларымыз да бар.Ақшасын уақытылы төлейміз. Ешкімде қарыз жоқ. Өзіміз міне, бір тиын ештеңе берешегіміз жоқ. Неге жылуды түзеу бермейді?

Қазір жұрт жылытқыш пештермен күнелтуде. Сондықтан электр қуаты үшін қомақты сома төлеуге мәжбүр. Әсіресе, сәбилері бар отбастары үшін қиын. Балалары шетінен тұмауратып жатыр. Тұрғындар құзырлы орындардың барлығына шағымданғанымен нәтиже жоқ. Бір қызығы жылу беру мекемесіндегілер бұл мәселені бірінші рет естіп тұрғандарын айтады.

Вячеслав Яньков, «Көкшетау жылу» КҚК жылу инспекциясының бастығы:

-Бұл үйде ешқандай да проблема жоқ. Біз кесте бойынша жұмыс істейміз, қадағалап отырамыз. Ешқандай шағым түскен жоқ бізге. Кез келген пәтерге кірейікші мен проблема тауып берем.

Жылу инспекциясының проблема деп тұрғаны пәтер иелерінің есік терезесін қымтамауы. Қысқа әзірленбесе, біз оған кінәлі емеспіз дейді. Бірақ, алқам-салқам жылу құбырлары үшін жауап беретіндері естерінде жоқ.

-Жылуды сақтау үшін тұрғындар үйлерінен кілем, төсеніштер алып шығып мына құбырларды ораған болыпты. Бірақ, одан пайда жоқ. Арқаның қытымыр қысы әлі қаһарына мінбесе де, пәтерлері суықтан азынап тұр. Күн суытқан сайын қалай қыстап шығамыз деп алаңдайды олар.