деп хабарлайды Қырғызстан ТЖМ.
«Дүйсенбі күні таңғы сағат 07.43-те Ош облысының Алай ауданында 4,4 балдық жер сілкінісі болды», — делінген хабарламада.
«Қырғыз республикасы ҰҒА Сейсмология институты берген мәліметке сүйенсек, зілзала ошағы қырғыз-қытай шекарасында орналасқан. Тербеліс ошағы Қырғызстан аумағында Нұра ауылынан 20 шақырым, Үзген қаласынан 100, ал Ош қаласынан 110 шақырым жерде орналасқан», — делінген ведомство дерегінде.
Нұра және Малтаба ауылдарында 4 балдық, Сүгүт және Қара кіндік ауылдарында 3 балдық дүмпулер сезілді. Адамдар дін-аман. Ғимараттар мен нысандарға залал келген жоқ.